қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.11.2016


Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді Қазіргі кезеңде тарих және қоғамдық пәндерді оқытуды жетілдірудің өзекті мәселелері «Тәуелсіз Қазақстан: Қазіргі кезеңдегі тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» атты Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясын жоспарланып отыр 6-шы желтоқсанда (сейсенбіде) өтетін республикалық ғылыми- практикалық конференцияға шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ :

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тарих және Құқық институты
Тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың әдістемесі кафедрасы

Конференцияның бағыттары:
Қазақстан тарихын оқыту «Мәңгілік ел» идеясы аясында
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесіндегі қазіргі заманғы жетістіктер
Білімнің сапалық жүйесіндегі құзыреттілік тәсіл
Білім берудегі инновациялық үдерістер
Қоғамдық - гумантарлық пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктері
Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Конференцияның мерзімі мен өткізілу орны:
Өтетін күні, уақыты 6-шы желтоқсан (сейсенбіде) 2016 жыл, сағат 10-00
Алматы қаласы, Жамбыл көшесі-25 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, 2-қабат Конференция залы

Ұйымдастыру комитеті «Тәуелсіз Қазақстан: Қазіргі кезеңдегі тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалының жинағын шығарады

 

Толығырақ...