қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.11.2016

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты, Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының шақыртуымен Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика докторы,  Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің профессоры Эсенбек Мамбетакунович Мамбетакунов 2016 жылдың 20-қарашасы мен 3-желтоқсан аралығында студенттерге, магистранттарға және PhD докторанттарына дәріс оқиды.

Профессор Э.Мамбетакунов Қырғыз Республикасының ғылым және техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ж.Баласағын атындағы сыйлықтың лауреаты және де мектеп физика оқулықтарының авторы болып табылады.

Дәріске кафедра оқытушылары, «Математика», «Физика» және «Информатика» мамандықтарының магистрант-докторанттары, сонымен қатар дәріске қызығушылық білдірген студенттер қатысуда.

Дәріс тақырыбы: «Психолого-дидактические основы технологизации естественно-математического образования».

Дәріс математика, физика және информатика институты ғимаратында 322 аудиторияда өтеді.

Дәріске қатысамын деушілерге есік ашық.