қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.06.2019

«Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» І халықаралық педагогикалық форумы өтіп жатыр

 


 

Алматыда «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» І халықаралық форум жұмысы жалғасуда.

 

Қоғамның назарын педагогикалық білім берудің заманауи трендтеріне аудару, республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші халықаралық инновациялық технологияларды таратуға аударуды мақсат еткен форум жұмысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ ЮНЕСКО кластерлік бюросы республкалық білім альянсы мен «Диалог аудармашылар одағы» ҚҚ ұйымдастырылды.

 

Заманауи білім беру мәселелерін бірлесіп талқылауға әлемдік зерттеу орталықтарын тартуды, Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуға жәрдемдесуді, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерімен тәжірибе алмасу және танысуды, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың жаңа түрлерін дамытуды және де республикада педагогикалық білім беру трендтерін дамыту бойынша тиімді шешімдер іздеу және ұсыныстар әзірлеу мен инновациялық білім беру технологиялары және оқыту әдістері бойынша Ұлттық сараптау кеңесін құру мәселелерін қозғаған форум жқмысын Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев ашып, бүгінгі білім кеңістігінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. «Біз әріптестерімізбен алдағы уақыттарда да тығыз байланыста бола отырып, әлем бойынша білім саласындағы инновацияларды игереміз. Білім жүйесі қашан да ашық болуы тиіс. Оқыту барысында жоғары сапалы әдістерді ұсына отырып, отандық білім жүйесін жоғары сатыға көтеруге ықпал етеміз» деп атап өтті. Ол өз сөзінде «Диалог аудармашылар одағы» ҚҚ басшысы әрі шараның демеушісі Олег Кимге арнайы алғысын білдірді. Форумның ашылуында сонымен қатар ЮНЕСКО Алматы кластердік бюросының білім бойынша ұлттық маманы Мейргүл Алпысбаева сөз сөйлеп, әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастық мәселелеріне тоқталды.

 

Форум жұмысына білім беру басқармаларының, біліктілікті арттыру жүйесінің басшылары мен өкілдері, білім беру ұйымдарының оқытушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

21.06.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz