қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.07.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ мен М.Ақмолла атындағы БМПУ басшылары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 

2019 жылдың 9 шілдесінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен университет ректоры Такир Оспанұлы Балықбаевтың М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Салауат Талғатұлы Сағитовпен және осы оқу орнының проректоры Алмаз Флюроұлы Мұсатаевпен кездесуі болды.


Кездесу барысында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, педагогикалық мамандықтар бойынша қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру, бірлескен ғылыми жобаларды орындау, ғылыми зерттеулер мен педагог кадрларын даярлау, Эразмус+ бағдарламасы бойынша студенттер мен ПОҚ-тың ұтқырлығын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер талқыланды.