қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.08.2019

Қапшағайдағы  жазғы демалыс...

 

2018-2019 оқу жылының жазғы маусымында екі ай бойы тынымсыз еңбек етіп, ауқымды жұмыстар атқарған Студенттік құрылыс жасағының еңбек маусымы да өз мәресіне жетті. 

 

Еңбек маусымының нәтижелі аяқталуына орай  Студенттер кәсіподақ ұйымы ағымдағы жылдың 17-18 тамыз күндері  жасақ құрамында еңбек еткен жастар үшін демалыс ұйымдастырды. Екі күндік демалыс Қапшағай қаласы аумағындағы «Ұстаз» оқу өндірістік демалыс орнында өтті.  Демалыс аясында  жастарға түрлі ойын-сауық бағдарламалары,  көңілді би кеші өткізілді. 

 

Екі ай бойы тиімді еңбек еткен сарбаздар үшін ұйымдастырылған бұл демалыс жастарға жаңа күш беріп, жақсы көңіл-куй сыйлады. 

 

Жастар өз кезегінде жаз бойы уақыттарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берген университет ректоры Такир Оспанұлына ризалышқтарын білдірді.

 

  

  

  

 

Тәрбие,әлеуметтік жұмыстар жәнежастар саясаты департаменті