қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.08.2019

Language Tasters Club ашылуы

 

«Smart Students» Студенттерді қолдау орталығында ағылшын, француз және қытай тілдерінде тегін сабақтар өткізетін Language Tasters Club өз жұмысын бастады.

 

 

Абай университетінде «International students’ council office» шетелдік студенттерді бейімдеу және қолдау орталығының және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастамасымен қазақстандық студенттердің шет тілдерін оқуға деген ынтасын арттыруға, жалпы білім көкжиегін кеңейтуге және шетелдік студенттерді университеттің білім беру ортасына біріктіруге бағытталған тілдік дағдыларды жетілдіру клубы ашылды.

 

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері клубтың қызметімен танысып, шетел тілдеріне үлкен қызығушылық танытып, оқу жылында оқуларын жалғастыруға ниет білдірді.

 

Оқытушылар - шетелдік студенттер Кристиан Обим Басси (Нигерия), Хариминосон Зо Миаринтсоа (Мадагаскар) және Аметхан Жаркын (ҚХР). Клуб үйлестірушісі - Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студенті Сәуле Тулешова.

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті