қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.08.2019

Орталық Азия жастар фестивалі өтті

 

2019 жылдың 22 тамызында Алматы қаласында Орталық Азия жастар фестивалі өтті. Шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры  Такир Балықбаев және Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитова қатысты.

 

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры - Әсет Исекешевтің және Алматы қаласының әкімі Бахытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтті. Орталық Азия жастар фестивалінің спикерлері: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Атқарушы директорының орынбасары - Игорь Рогов, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі - Колин Маккалоу және Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің түрлі салаларының басқа да өкілдері болды.

 

Бұл фестивальдің мақсаты - саяси сауаттылықты және жастардың белсенді позициясын дамыту, өңірлік интеграцияны тереңдету үшін болашақ диалог үшін алаң құру, Орталық Азия елдерінің жастары арасындағы жоспарлы ынтымақтастықты кеңейту және жас көшбасшыларының әлеуетін дамыту.

 

Міндеттері - жұмыссыздықпен күрес, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету және қорғау, экономиканы цифрландыру әдістерімен танысу; жастар мәселелерін және жастар саясатын іске асыру тетіктерін талқылау үшін диалог алаңын құру; өңірлік интеграциялық жобаларды іске асыруға белсенді жастарды тарту; жастарды Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың ерекшеліктерімен таныстыру; көші-қон саясаты, білім беру, экономикалық даму, ұлттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

 

Фестивальда келесі сессиялар өткізілді:

1. «Орталық Азия Жастары»;

2. «IT-технологиялар, киберқауіпсіздік»;

3. «Көші-қон: зияткерлік капиталды сақтау»;

4. «Волонтерлық-менің СТАРТЫМ»;

5. «Бұқаралық спорт-бірлікке апаратын жол»;

6. «Post ЖОО: lifehack тірі»;

7. «Полиэтика: бейбітшілік пен келісім үлгісі».

 

Сонымен қатар шеберлік сыныптар мен дизайнерлік жұмыстар өткізілді.