қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.02.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын 2017 жылғы қаңтардағы Жолдауы бүгінде елімізде кеңінен талқыланып, жан-жақты қолдау табуда. Тәуелсіз Қазақстан дамуының үшінші кезеңіне арналған бұл жолдауды профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында түсіндіру және насихаттау мақсатымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде көптеген іс-шаралар қолға алынуда.
Осы іс-шаралар аясында 2017 жылғы 2 ақпанда университет ұжымы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлмира Есімбекқызы Исімбаевамен және Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғановпен кездеседі. Депутаттар Президент Жолдауының маңызы мен басты мақсаттары туралы айтып береді.
Іс-шараның басталатын уақыты: 2017ж. 2 ақпан, сағат 11.00
Өтетін орын: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ Бас ғимараты, 225 мәжіліс залы.
Байланыс телефондары: 8(727) 291-03-25, 8(727) 293-85-93.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы