қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.02.2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық пеагогикалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті, Педагогика және психология институтының «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы Сіздерді «ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ» тақырыбындағы қазіргі қолданбалы психологияның өзекті сұрақтары бойынша ғылыми-практикалық семинарға шақырады.
Өткізілу мерзімі: 16-18 наурыз 2017 ж. Басталу уақыты 10:00 .
Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 30 үй Педагогика және психология институты. Тіркелу уақыты сағат 9:00.
Ғылыми-практикалық семинардың аудиториясы: жоғары және орта оқу орнының оқытушылары, қазіргі қоғамның әр түрлі салаларында қызмет жасайтын практик психологтар: адами ресурстарды басқару,өндірістік іс-әрекет және бизнесте,экономикада, ғылымда,ұлттық қауіпсіздік және құқықтық іс-әрекетте, білімде спортта, денсаулық сақтау және т.б., докторанттар, магистранттар, студенттер және Қазақстандағы қолданбалы психологияның даму мәселесіне қызығушылығы бар барлық тұлғалар.
Семинарды өткізу мақсаты: Қолданбалы іс-әрекет аясында психологтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Жұмыс тілдері : қазақ және орыс.
Семинар жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:
1. Қазақстандық қолданбалы психологияның дамуын анықтау және қолданбалы психологияның қазіргі жағдайын талдау .
2. Презентациялар, докладтар және тренингтер мен шеберлік кластарын өткізу.
3. Қатысушыларды сертификаттау.
Модераторлар:
Альмухамбетов Б.А., пед.ғ.д., профессор, ПжПИ директоры .
Сатова А.К., психол.ғ.д., профессор, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі.
Тапалова О.Б., психол.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Надирбекова А.О., психол.ғ.к., аға.оқытушы, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.


Байланыс телефоны: +7 777 999 1001 - Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
E-mail: olya.mag@mail.ru