қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі


Топ тәлімгерлері тәрбие жұмысы бойынша университеттік, қалалық, республикалық шараларға атсалысып, түрлі қоғамдық жұмыстар атқарады. Студеттердің ата-аналарымен тұрақты қарым-қатынаста, байланыста болу - кафедрадағы әр тәлімгердің міндеті. Сондай-ақ, кафедра жанында филология институты студенттерінің ұлттық тарих пен мәдениет, тіл мен әдебиет жайлы білімі мен біліктілігін арттыра отырып, оларға ғылыми-эстетикалық, мәдени-этикалық тәрбие беру мақсатында «Тағылым» клубы жұмыс жасайды.
«Тағылым» клубының салалары: 1. «Ұлағат» (ұстаздық тағылым); 2. «Инабат» (Қырмызы қыздар клубы); 3. «Ғибрат» (тіл тағылымы) 4. «Шапағат» (Тәлімгерлік тағылым). 5. «Бойтұмар» тіл үйірмесі. Клуб бекітілген ереже мен жоспар бойынша жұмыс істейді.
Кафедра оқытушылары Р.Бақбергенова, Ж.Қоқанова, Г.Есіркепова, Н.Амиржанова, С.Жиренов, Ж.Аширов, Ж.Саметова және т.б. ұстаздар бұл саланың табысты болуына елеулі үлес қосып келеді.
Кафедра ұжымы кәсіби бағдар жұмысын (Жауапты: аға оқытушы Р.Бақбергенова, С.Сыздықов) республикамыздың әр облысында жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда облысы, Жалаңағаш аудандық №116 орта мектебі; Алматы облыстық И.Нүсіпбаева атындағы мектеп-интернаты; Жамбыл облысы Меркі ауданы, шағын комплексті орта мектебі; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас орта мектебі т.с.с мектептермен келімшарт бойынша жан-жақты істер атқарады.
Кафедра тәлімгерлері бекітілген тәрбие жоспарларына сай университеттік, қалалық, республикалық шараларға атсалысып, түрлі қоғамдық жұмыстар өз дегейінде атқарады.
ҚР Тілдер күніне орай «Мемлекеттік тілді дамыту бағыттары мен филологиялық білім беру парадигмаларының сабақтастығы» тақырыбындағы Дөңгелек үстел өтті. «Тіл-ел байлығы» атты топтың ашық тәрбие сағаты, «Қарттарым аман сау жүрші!» атты қарттар үйіне дәстүрлі түрде мерекелік және қайырымдылық шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік»,«Хандар - көркем сөз биігінде» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Сөз-Бәйге» атты іс-шарасы өтті. Сонымен қатар қалалық қарттар үйіне және балалар үйіне барып, қарттарға және жетім балаларға қамқорлық шараларын ұйымдастырылады. «Жатақхана - өз үйің» Жатақханадағы кафедра күндері өтеді . «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты №3 жатақханада поэзия кештері өтеді.
Кафедрадағы тәлімгерлер студеттердің ата-аналарымен тұрақты қарым-қатынаста, атап айтқанда әрбір топтағы өте жақсы оқитын, университеттік, қалалық, республикалық шараларға атсалысатын студенттердің ата -аналарына алғыс хаттар жіберіледі.
Кафедра жанында филология институты студенттерінің және магистранттарының әдебиет тарих, әдебиет теориясы жайлы білімі мен біліктілігін арттыра отырып,әдеби-мәдени байланыстардың ғылым негізінен және мәдени-этикалық тәрбие беру мақсатында «Қ.Жұмалиев атындағы ғылыми- зерттеу үйірме», «Сәкен Сейфуллин әдеби және оқу-әдістемелік шығармашылық бірлестігі» атындағы үйірмелер мен бірлестіктер жұмыс жасайды.
Бірлестік мүшелерінің балауса туындыларын «Үркер», «Жалын», журналдарында, «Жас қазақ», «Ұлан», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақ әдебиеті», «Ұлағат», «Абай университеті» газеттерінде жариялануын қамтамасыз етіп отырады.

 

1 қазан - қарттар күні

1 қазан қарттар күні қарттарға деген махаббат мен мейірім күні. Мерекелерімен құттықтап, оларды іздеп келетін жандардың бар екенін көру қарттар үшін, әрине, қуаныш. Мерекемен қарияларымызды құттықтауға Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері де атсалысты. Кішігірім сыйлықтар мен өнерлерін көрсету арқылы ақ самайлы әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызды қуантуға тырысты. Осындай атқарылған іс-шарадан кейін, жоғары курс студенттері еріп келе жатқан ізбасарлары - 1 курс студенттеріне «Мейірім клубының» дәстүрін жалғастыруды табыстады. Асыл қазына - қарттарымызды тек қана мереке күндері емес, әрқашан еске алып жүрейік.

 

          

 

          


Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология институты,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
4 курс, 7-топ студенттері Бурасанова А., Нұреке А.