қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.03.2017

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 6D011000 - Физика мамандығы бойынша ізденуші Уалиханова Баян Сапарбекқызының «Медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби бағытта оқытудың әдістемесі» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде дайындалды.

Қорғау тілі: қазақ тілінде

Рецензенттер:

Мұқашев Қанат Мұқашұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика техникалық факультетінің профессоры.

Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Жаратылыстану-математикалық білім зертханасының меңгерушісі.

Ғылыми жетекшілер:

Тұрмамбеков Төребай Әбдірахманұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, доцент, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Физика» кафедрасының меңгерушісі.

Байзақ Үсен Ахметұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті.

Румбешта Елена Анатольевна - педагогика ғылымдарының докторы, Томск мемлекеттік педагогикалық университетінің Жалпы физика кафедрасының профессоры (Ресей).

 

Аннтотация

Ғылыми еңбектер тізімі

Диссертацияны қорғау 2017 жылдың сәуір айының 04 жұлдызында сағат 14.00-де  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 6D010000 - «Білім беру (жаратылыстану ғылымдары)» бойынша Диссертациялық кеңесте өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 үй, 415 ауд.

e-mail: www.kaznpu.kz@mail.ru

 

Диссертацияны қорғау барысындағы бейнежазба