қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.03.2023

«Әйел - әлем анасы» 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты шара

 

2023 жылы 7 наурыз күні «Әйел - әлем анасы» атты 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай университетіміздің әйел оқытушыларына, қызметкерлеріне және университет студенттеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Университетіміздің Басқарма Төрағасы - Ректор Біләлов Дархан Нұрланұлы барша қыз-келіншектерді құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, ғылым және тәрбие бағыттары бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған профессор-оқытушылар құрамын марапаттады.

 

Мерекелік шарада университетіміздің «A-bluse» ВИА ансамбльі ән шырқап, «Цветение сакуры» биімен Өнер, мәдениет және спорт институтының ІІІ курс студенттері өнер көрсетті. Сонымен қатар Қазақстанның эстрада әншілері мерекелік ән шырқап, керемет көңіл-күй сыйлады. Салтанатты шара соңында барша нәзік жанды аруларға университетіміздің джентльмендері әдемі гүлдер сыйлап, құттықтады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

2

 

  alt=  


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу