қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.08.2023

22.11.2016
2016 жылдың 22 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік әнұранның рөлін арттырып, қоғамдағы орнын айқындау, тұрғындар арасында мемлекеттік рәміздер, соның ішінде ҚР мемлекеттік әнұраны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастардың бойында отансүйгіштік сезімдері мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін қалыптастыру мақсатында Медеу ауданы әкімдігімен бірлесе Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тәрбие басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтінін білу бойынша байқау ұйымдастырды.

24.10.2016

24.10.2016
Үстіміздегі жыл тарихымыздың тағылымды да, тарлан жылы болып отыр. Себебі біз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтудеміз. Осынау тарихи мәні мен мазмұны жоғары мерейтой аясында 2016 жылдың 19 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде география ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі, Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі, ҚР Білім Академиясының академигі Әлия Сәрсенқызы Бейсенованың «Қазақ Елі - Мәңгілік Ел» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

25.03.2016
2016 жылдың 20 наурызы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Университет жанындағы № 363 сайлау учаскесінде сайлау таңғы сағат 07.00-де мемлекеттік әнұранмен өз жұмысын бастады. Сайлау учаскесінің төрағасы Увалиев Талғат барлық комиссия мүшелерін, байқаушылары мен сенімді өкілдерінің алдында құттықтау сөз сөйлеп, бұл сайлауды ашық және әділетті өтетіндігін тілге тиек етті.

30.12.2015
2015 жылдың 26 желтоқсаны күні Тәрбие жұмысы, жастар саясаты, және мемлекеттік тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен студенттерге арналған «Қош келдің Жаңа жыл - 2016» атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында университетіміздің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е.Ішпекбаев білім алушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл бойы университетіміздің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді араласып, жастар саясатын дамыту ісінде жоғары азаматтық белсенділігі және шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленген студенттерді университет ректоры «Мақтау қағазы» және «Алғыс хатымен» мараппаттады. Сонымен қатар жыл бойы білімі мен шығармашылық қабілетін ұштастыра білген жыл үздіктері дипломдар мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

30.06.2014
2014 жылдың 7 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейдуманов Серік Тұрарұлымен кездесу өткізілді.