қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
16.11.2023

Шешендік өнер бойынша «Көпшілік алдында сөйлеу және өзін-өзі таныстыру» шеберлік сабағы


2023 жылдың 15 қарашасында Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен Абай университетінің белсенді студенттері мен Abai Honors College қосымша білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Көпшілік алдында сөйлеу және өзін-өзі таныстыру» шеберлік сабағы өтті.

 

Студенттердің шешендік өнердің қыр-сырымен танысып, өз ойларын ел алдында еркін жеткізу, өздерін ұстай білу дағдыларын игеру мақсатында ұйымдастырылған шараның спикері - шешендік өнер бойынша кәсіби жаттықтырушы, «Fabrika oratora» компаниясы мен «Қазақ шешендік клубының» негізін қалаушы Жұмабаев Қуаныш мырза болды.

 

Қуаныш Жұмабаев іс-шара барысында студенттерге адамның тұлғалық қасиеттерін дамыту, сөз шеберлігін қалыптастыру тақырыптарында сөз қозғап, адамның ең үлкен қорқынышының бірі - көпшілік алдында сөйлеу екенін атап өтті. Сондай-ақ, қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, жас ұрпақтың ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту - басты мақсаты екенін айтты. Сонымен қатар, тақырып аясында шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысы мен стильдік табиғатына, импровизациялық өнердің түрлі әдіс-тәсілдеріне тоқталып, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруға, дамыту ынтасын анықтауға, бағыт-бағдар берді.

 

Қ. Жұмабаев атап өткендей, шешендік өнер - кез келген аудиторияда сенімді сөз сөйлеу тәжірибесі, тыңдаушыларды қызықтыра білу, жұртшылықтың назарын аудару. Спикер студенттермен топтық және жеке жұмыс түрлерін жүргізу арқылы қатысушыларды көшбасшылық, аудиторияны қалай тез орналастыру керектігі туралы келіссөздер жүргізу дағдыларына үйретті.

 

Іс-шара соңында студенттер «Қазақ шешендік клубының» негізін қалаушы Қуаныш Жұмабаевқа алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 




Кері оралу