қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
29.01.2024

Көрнекті ақын Әділғазы Қайырбековпен кездесу


2024 жылдың 26 қаңтарында Абай университетінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Өлең - жанның сәулесі» тақырыбында жыр кеші өтті.

 

Кеш қонағы - ҚЖО поэзия кеңесінің төрағасы, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері Әділғазы Қайырбеков болды. Кездесуге ақын Бауыржан Жақып, сыншы Әмірхан Мендібек, ақын Аманғазы Кәріпжан, ақын Болат Үсенбаев сынды белгілі майталмандар мен ақынын ардақтаған оқырмандар қатысты.

 

Шара барысында ақын Әділғазы Қайырбековтің өмірі, қоғамдық қызметі, өлеңдері, поэмалары және балладалары, деректі әңгімелері мен очерктері, эссе, әдеби сын-зерттеу еңбектері ой-толғамдары туралы, сонымен қатар Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов, тағы да басқа қазақ әдебиетінің алыптарының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары, құнды жәдігерлері, эсселері, ой-толғамдары, сыр-сұхбаттары туралы айтылды. Сонымен қатар, әдебиет, руханият, қоғамдағы өзекті мәселелер жайында, қазақ халқының ұлттық мұрасы жөнінде, ұлттық болмысымыз, ұлттық сана-сезім туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ әдебиет сүйер қауым ақын шығармашылығымен тереңірек, жақынырақ танысты.

 

Кездесу аясында көрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. Ал ақын ұлттық рухы аңқыған отты жырларын оқырманға ұсынды. Кеш соңында арнайы қонақтарға университеттің имидждік өнімдері табысталса, өз кезегінде оқырмандар өздерімен сырласқан ақынды ортаға алып, суретке түсті.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті




Кері оралу