қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
12.04.2023

Honors College студенттері «Tamos education» физика-математика мектебінде

 

2023 жылғы 11 сәуірде «Tamos education» физика-математика мектебі Абай университетінің Honors College жобасы студенттеріне Ашық есік күнін өткізді. Мектеп директоры Бауыржан Серіков, Қазақ кеңсесінің директоры Бауыржан Жусупов, Кембридж бөлімінің директор міндетін атқарушы Гүлзат Аймуханбетова мектептің қызметі мен оның жетістіктеріне тоқталып, оқу орнының тарихы туралы бейнеролик ұсынылды.

 

Іс-шара барысында Бауыржан Серіков болашақ педагогтарға оқуда табыс тілеп, оларды мектепке тәжірибеге шақырды. Студенттерге мектеп, үйірме сыныптары, кітапхана, спорт залы, мұғалімдерге арналған дене шынықтыру орталығы көрсетілді. Студенттер мектеп өміріне қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу