қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.04.2017

 

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ  Х А Т

 

Құрметті әріптестер!

 

         Үстіміздегі жылдың 28 сәуірде сағ.10.00, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Әлемдік тарих ғылымының дамуы: тарих тағылымдары мен  альтернативалар» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

            Конференция аясында Түркия, Ресей, Моңғолия, Әзірбайжан елдерінің, еліміздің ғылыми ордалары мен ЖОО.-ң ғалымдары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері зерттеу жұмыстарының баяндамалары қорғалынып, ғылыми-тарихи тұрғыдан талқыланып, қоғамдық аспектілері сараланады.  

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

І-секция.    Әлем тарихының өзекті мәселелері: тарихы және қазіргі кезеңдегі  дамуы.

ІІ-секция.   Ғаламдану контекстінде Қазақстан: әлеуметтік -саяси, экономикалық, көзқарастық және мәдени аспектілері 

ІІІ-секция. Жоғарғы және орта мектепегі тарихты оқытудың технологиясы және инновациялық тәсілдер

ІV-секция.  Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі: тарихи ретроспективасы және даму бағыттары

         Конференция үш тілде жүргізіледі. Баяндамалар талаптарға сай ғылыми жинақ кітабына жинақталады.

        Осыған байланысты, аталған конференцияның құрметті қонағы болуға, арнайы танымдық-практикалық баяндамамен сөз сөйлеп қатысуыңызға мүмкіндік болады.

       Конференцияға қатысу үшін ақпаратты немесе баяндама мәтінін 12 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетіне жолданылады.

         Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 25, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, «Әлем тарихы» кафедрасы - 604 каб. Тел. (7272) 291-63-54,. Сот.87783728532 mereke_55@mail.ru

 

Ұйымдастыру комитеті