қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.05.2017

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

2017 жылдың 23 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алаш орда үкіметі мен  Алаш автономиясының 100-жылдығына  арналған «Алашорда, Түркістан мұхтариаты: жаңа көзқарас,  ұстанымдар, тұжырымдар» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.  

 

            Біз пәнаралық ұстанымдарды құптаймыз және осы конференцияның тақырыбы бойынша мүдделілік танытқан әлеуметтік-гуманитарлық ғылым өкілдерін оған қатынасуға шақырамыз.

            Конференцияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:

 

1.    Орталық Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстардың  тарихын (ХІХ-ХХ ғғ.) зерттеудің теориялық-методологиялық құралдары және оларды жаңғырту жолдары.

2.    Деректік базасы: ғылыми айналымға тарту және түсіндіру мүмкіндіктері.

3.    Мәселенің тарихнамасы: жетістіктері мен зерттелмеген тақырыптары.

4.    Орталық Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихын жоғары және орта оқу орындарында оқытудың мәселелері.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

Конференция жұмысының басталуы - сағ.10:00, қатысушыларды тіркеу - сағ. 09:30

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі - 25 (Уәлиханов көшесінің қиылысы), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты (№ 10 оқу ғимараты), Конференц-зал (2 қабат)

 

     Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2017 жылдың 1 маусымына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз:

050010 Алматы қ., Жамбыл көшесі - 25, № 13 бөлме, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты Қазақстан тарихы кафедрасы.  

е-mail.: Shamek_09@mail.ru; ablai_angel@mail.ru

 

          Байланыс телефондары мен факс:

 

          Тел.: +7(727) 291-46-72; +7707-208-92-43; +7701-305-66-72

          Факс.: +7 (727) 291-40-71

 

Конференция жұмысына қатысушылардың іс-сапары шығындары жіберуші ұйым тарапынан.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

          Көлемі 8 бетке дейін, MS WORD редакторында *doc, *rtf нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

          Мәтін шрифті: «Times New Roman», кегль 14.

          Шектері: жоғары және төменгі жағы - 2, сол жағы - 3, оң жағы - 1 см, аралық интервал - 1.

          Интервал арқылы ортада қою қара жазба әріптермен - мақала атауы, оң жақта аытордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен жұмыс орны, жақша ішінде -  қала. Мақаладағы сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы: [1, 24-б.]).  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

          Кестелерді теруге MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияда қарастырылатын мәселелерге қатысты ғана мақалалар қабылданады, мақалаларды іріктеуді ұйымдастырушылар өз құзіретіне қалдырады

 

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 

Алаш қозғалысының тарихнамалық мәселелері

 

Азаматов А.Т.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті

(Алматы қ.,)

 

 

Мәтін, мәтін, мәтін, [1, 24-б.].  мәтін, мәтін .... [2, 35-б.]. 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

_________________

 

1.    Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым. - Алматы: «Өнер» баспасы, 1998. - 306 б.

2.    Абай Құнанбайұлы. Қолына алып, пәле салып, аңдығаны өз елі (электронды ресурс) //

     http://www.abai.kz/post/view?id=24 сайты (сайтқа жарияланған күні 14.03.2014.)

3.    Қойгелдиев М. Сұраншы мен Саурық. //Жас Алаш. - 2013, 29 қазан.

 

 

«Алашорда, Түркістан мұхтариаты: жаңа көзқарас,  ұстанымдар, тұжырымдар»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) __________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________________________

Лауызымы: ________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _____________________________________________

Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________

Е-mail.: ____________________________________________________________

Мақаланың тақырыбы, қысқаша аннотациясы: ___________________________________

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу түрі (қажеттінің астын сызыңыз): өзі қатысу (баяндама жасау),  сырттай (мақала жариялау).