қазақша · русский · english
   
Тарихты және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы
  Нұрманбетқызы Жумахан

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор
Жамбыл көшесі, 25
 8-777-132-83-32
nurmanbetkyzy@ mail.ru

 

Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізе отырып, тарихи пәндерді оқыту әдістемелін жетілдіру мәселелерімен айналысады. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының қызметінің басты бағыты - студенттердің әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуымен таныстыру және қазіргі әдістеменің жағдайы, өзекті проблемалары мен шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастыру, «Толеранттылық негіздері» пәнін оқыту болып табылады. Тарихи білім беру білім алушылардың ұлттық мемлекеттік және тұлғалық сапаларын қалыптастыратын жүйеленген білімді ұсынады. Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының алдына қойған міндеті: қазақ халқының тарихын жаңа теориялық­әдістемелік талаптарына сәйкес, әлемдік тарихнаманың тәжірибесін, ел азаматтарының санасы мен мінезінде болып жатқан логикалық өзгерістерді екере отырып қайта қарастыру. Қазіргі уақыт пен қоғам тарихшы ғалымдардан Қазақстан территориясындағы тарихи процесстерді пәнаралық сипаттағы кешенді тарихи зерттеуді талап етеді.