қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2019

«Менің Қазақстаным» республикалық
патриоттық ән байқауы


Жастар жылы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Менің Қазақстаным» республикалық патриоттық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. Байқауға еліміздің 20 жоғары оқу орнынан 80 үміткер қатысты.


Байқау қатысушыларының өнерін бағалау үшін қазылар алқасы құрамы бекітіліп, алқа мүшелігінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Арман Дүйсенов, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, продюссер, сазгер Бауыржан Есебаев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ержан Қосбармақов, ҚР мәдениет қайраткері, әнші, университет түлегі Гүлмира Ақүрпекова, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі, «Музыкалық білім беру және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Ляззат Бримгазина екі күн бойы жұмыс жасауда.


Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша 24 үміткер ақтық кезеңге жолдама алды.


Ақтық кезең 6 желтосқан сағат 15.00-де өз жұмысын бастайды.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты департаменті