қазақша · русский · english
   

 

Университет білім алушыларына адамгершілік-моральдық және кәсіби-этикалық нормаларын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті жанынан Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімі ашылып, 2017 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

 

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

- Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

- Ұлттық тәрбие;

- Рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие;

- Студенттердің діни сауаттылықтарын арттыру және  экстремизмнің алдын алу;

- Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;

- Білім алушылардың құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділігін арттыру мақсатында мотивациялық кездесулер ұйымдастыру.

 

Қазіргі таңда бөлім Алматы қаласы бойынша «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан Студенттер Альянсы», «Көкпар» Жастар лигасы, «Жасыл ел» еңбек жасағы республикалық қозғалысы,  «Жайдарман» республикалық лигасы, Футзалдан Ұлттық студенттер лигасымен жіті қызмет атқарады.

 

Біз туралы ақпарат: Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайтында, «kaznpu_zhastary», «vk.com», instagram - «kaznpu_zhastar_official»

 

1.Бөлім туралы Ереже

2.Жоспарлар

3.Серіктестермен келісім-шарттар

4. Жатақханадан орын беру туралы Ереже

5. Білім алушылар мен басқа тұлғалардың жатақханада тұру туралы Ереже