қазақша · русский · english
   

 

Институттың ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарының өзара тығыз байланыста жүргізілуі кадр дайындау мәселесінде мамандық бағыттарының өте кең спекторы бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Институттың 2018-2019 оқу жылына қойылған мақсат-міндеттерң мен ғылыми қызметі «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жжстратегиялық даму жоспарын» жүзеге асыруға бағытталғын.


Отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануына, сонымен қатар орта білімді жаңарту процестеріне орай институттың профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың рухани жаңғырудың басым бағыттары мен қоғамдық санасын қалыптастыру мәселелеріне бағытталған.


Осыған орай институттың ғылыми-зерттеу жұмысы келесідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Институттың ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысының қызығушылықтары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын студент жастардың ұлттық танымын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі тануы, болашақ мамандардың өзін кәсіби тану мен интеллектуалдық потенциалын ЖОО тұрғысынан қалыптастыру мәселелеріне негізделеді.
Осы бағыттар аясында институт ПОҚ-ның ғылыми сауалдары Қазақстанның Мәңгілік ел,«Рухани жаңғыру» атты үшінші модернизациялау идеясымен жүзеге асыру мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты, осыған орай болашақ мамандардың ұлттық танымын қалыптастырудың мазмұндық аспектілері мен әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі идеясын жүзеге асырудың ғылыми көзқарастары айқындалуда; тәжірибеге бағдарланға «Мәңгілік ел» пәнінің мамандарының кәсіби дайындығы жаңартылып байытылуда: Қазақстан ЖОО-дағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың тұжырымдамалық негіздері құрылды, Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білімді жүйелі модернизациялаудың тұжырымдамалық негіздері құрылды; Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдістемелік және әдіснамалық негіздері.
- «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрларды дайындаудың психологиялық және педагогикалық негіздері;
Бүгінгі таңда бастауыш білім беру бағдарламаларына жаңа пәндер еңдірілуімен, осыған орай оқытудың жаңа стратегияларының ендірілуімен, критериялды бағалау жүйесінің жүзеге асырылуы мен жаңартылған білім жүйесінің бала тұлғасын дамыту мен оның функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталғандығымен негізделеді. Мұндай жаңашылдықтар бастауыш сынып мұғалімдерді даярлаудың базалық негіздерін қайта қарастыру мен өзгерістер еңдіруге әкеліп соғуда. ПОҚ базалық және элективті пәндер мазмұнын жаңарту тұрғысында зерттеу жұмыстарын жүргізуде, сабақ барысында бастауыш білім берудегі жаңашыл тәсілдері мен стратегияларын жүзеге асыруда.
- «Отбасылық тәрбие мен білім беру ұлттық білім беру жүйесін модернизациялаудың негізі ретінде». Бұл бағыт бойынша мектепке дейінгі және әлеуметтік білім беру салалары тұрғысынан болашақ маман тұлғасын толеранттылық, қоғамдық жауапкершілік пен азаматтық белсенділікке негізделген сапалы жоғары білім беру мүмкіндіктеріне сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Білім алушылардың микроқоғамммен өзара әрекеттесуі барысында бейімделгіш мінез-құлықтарын қалыптастыру; білім кеңстігінің объектілерінің өнімді идеялары негізінде инновациялық белсенділік пен жаңа білім беру технологияларын дамыту; еңбек нарығының талаптарына сәйкес маман даярлау және жұмыс беруші ұйымдармен қатынасты тереңдету және жетілдіру;
- «Білім мазмұнын жаңарту аясында болашақ мамандардың педагогикалық және психологиялық дайындығы»; Білім беру менеджменті, білім берудің әртүрлі деңгейлерінде сапаны бағалау. Бұл бағыт аясында білім берудегі менеджмент және педагогикалық өлшеулер деп аталатын перспективалық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары құрылуда.
- «Арнайы білім беру мен жоғары дефектологиялық білім беру жүйелерін ғылыми-әдістемелк қамтамасыз ету» бағытындағы ПОҚ жүргізген зерттеулері мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге деген әлеуметтік тапсырыспен анықталады. Сондай ақ бұл бағыттар арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік саласының дамыту қажеттіліктерімен айқындалады.
- Қазіргі заманғы оқушылар мен студенттер тұлғасын зерттеу, пенитенциарлық ұйымның кәмелет жасына толмаған тәрбиеленушілерін психологиялық сүйемелдеу, қалыпты жағдайдағы және психикалық ауытқу жағдайындағы мативациялық бағыттылықты зерттеу, бизнестеги психологиялық технологиялар, психодиагностикалық әдістердің білім беру жүйесіндегі қазақ тілді аудиторияда бейімделуі.


Институттың ПОҚ басылымдары
Кафедра оқытушылары өз еңбектерін отандық ғылыми журналдарда жариялайды (сонымен қатар ККСОН, МОН РК ұсынған журналдар).


Ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар нәтижесі бойынша кафедраның ПОҚ 2017-2018 жылы келесідей еңбектер жарияланды:
- алыс және жақын шет елдерде жарияланған ғылыми мақалалар саны-183 дана;
- ҚР басқа да журналдарында жарық көрген ғылыми мақалалар, ғылыми конференциялар тезистері-167 дана;
- ККСОН, МОН РК ұсынған журналдарда-143 дана;
- импакт-факторы бар журналдарда-32 дана;
- монографиялар-9 дана.


2017-2018 жж институт ПОҚ-тың жарыққа шыққан ғылыми еңбектері

 

Баспа орны

Жыл

Импакт-факторы бар журналдар

Қазақстан туралы мақалалар

ҚР БжҒМ-ның білім және ғылым сферасындағы Бақылау комитеттің ұсынған журналдары

Монографиялар

Жақын және алыс шет елдердегі мақалалар

Барлығы

2018ж

32

167

143

9

183

534

 

 

2017-2018 о.ж. өткізілген ғылыми іс-шаралар жайында мәлімет