Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
08.01.2020
Латын графикасындағы қазақ жазуының өзекті мәселелері бойынша семинар
Семинарды университеттің оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев жүргізді. Семинар барысында «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының курсына қатысып, біліктілігін арттырған Филология және көптілді білім беру инcтитутының академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары баяндама жасады.
Университет профессоры Майра Жунисова «Ұлттық жазуды білім алушыларға меңгертудің жолдары» тақырыбында баяндама жасап, курстың мақсаты мен модульдерін, кезеңдерін түсіндіріп, бірнеше сайттармен жұмыс істеу жолдарын, ықшам сабақ түрлерінің үлгісін, смарт мақсат құруды үйретті.
Доцент Гүлзат Раева «Латын негізді қазақ әліпбиін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы баяндамасында латын тілі қазақ жазуының тарихы мәселелеріне тоқтала келе латын негізді қазақ әліпбиіндегі даулы мәселелер бойынша және жаңа емле ережелерін оқытудың әдіс-тәсілдері бойынша ой қозғады.
Профессор Марат Шуақаев қазақ жазуын латын қаріпіне ауыстырудың тиімді жолдары туралы өз пікірін ортаға салды.
Семинар тыңдаушылардың қызығушылығын оятып, жоғары деңгейде өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|