қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2020

Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына арналған мерейтой

 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мерейтойлық шаралардың салтанатты ашылу рәсіміне Абай атындағы ҚазҰПУ- дың Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Фаузия Оразбаева мен кафедра меңгерушісі Қалбике Есенова құрметті қонақ ретінде қатысып қайтты.

 

«Қазақ халқы - Абайдың халқы» мерекелік іс-шара Астана опера мемлекеттік опера және балет театрында өтті.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.

 

Концерттік бағдарламаға Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген. Ақын шығармаларын КСРО және Қазақстанның халық әртістері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар орындады.

 

   

 

   

 




Кері оралу