қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2020

Ғылым апталығы: Қазіргі қазақ әдебиеті бойынша семинар

 

Ғылым апталығы аясында 2020 жылдың 15 сәуірінде Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы көрнекті жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, фиология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыштың қатысуымен «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік - эстетикалық ізденістердің бағыты» тақырыбында республикалық ғылыми онлайн - семинар ұйымдастырды. Кафедра меңгерушісі Қалбике Есенова модератор болды. Нұрдәулет Ақыш тақырыпқа қатысты көптеген сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.


Республикалық ғылыми онлайн - семинарға институттың профессор-оқытушылар қауымы мен ізденуші шәкірттер және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары (50 адам) қатысты. Ғылыми онлайн - семинар жоғары деңгейде өтті.

 

   




Кері оралу