қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2020

«Абай тағылымының маңызы» эссесі онлайн- конкурсының қорытындысы шығарылды


Ғылым апталығы аясында 2020 жылдың 20 cәуірінде С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай тағылымының маңызы» тақырыбында эссе жазу онлайн-конкурсы Абай университеті Біліктілікті жетілдіру және қашықтан оқыту орталығының қатысуымен онлайн форматында өткізілді.

 

Онлайн-конкурсына келіп түскен 16 жұмысты қазылар алқасы мүшелері кафедраның қауымд.профессорлары А.Қ. Рауандина мен Д.А.Сатемирова, аға оқытушылары Г.С.Каримова, Г.Б.Тоқшылықова, А.А.Найманбаев оқып, тексеріп, критерийлерге сәйкес бағалап, тиісті орындарды белгілеп, хаттама жазылды.

 

Конкурс нәтижесі бойынша Егінбек Дәнекер (І орын), Біләлов Ертай мен Жұмаханова Назым (ІІ орын), Әмір Сымбат, Жабықбай Айәсем, Нұрсапа Айым (ІІІ орын) сынды студенттер ой жүйріктігімен, дана Абай туындыларын жетік меңгергендігімен дараланып, белгіленген орындарды иеленді.

 

   

 

 




Кері оралу