қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2020

Филология және көптілді білім беру институтының директоры студенттермен онлайн-кездесу өткізді

 

2020 жылдың 23-24 сәуір күндері Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының магистратура, бакалавр студенттері және топ эдвайзерлерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу meet.google платформасымен тікелей эфирде өтті.

 

Институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлы: «Елімізде короновирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланғандықтан, 16 наурыздан бастап қашықтан білім алу форматына көштік. Сіздер Univer, Zoom, Moodle, электронды почта т.б. ақпараттық-коммуникацияларды қолданып білім алып жатырсыздар. Қашықтан білім алу үдерісінде туындаған қиындықтарға қарамай біздің студенттердің білім алуға, ізденуге деген құлшыныстарына ерекше ризашылығымды білдіремін»,-деді кіріспе сөзінде.

 

Кездесу барысында Балтабай Әбдіғазиұлы көктемгі сессияны университеттің Ғылыми кеңесінде қабылданған шешім бойынша, яғни «Proctoring» жүйесінде онлайн-тест түрінде немесе пән бойынша ағымдық бағалау негізінде тапсыруға болатындығын, таңдау студенттердің өз еркіне берілгендігін айтты. Сонымен қатар қашықтан оқыту мәселелеріне, емтихандардың мерзімдері мен тапсыру шарттарына, бітіруші курс студенттері үшін диплом жұмысын қорғау, антиплагиаттан өткізу мәселелеріне де тоқталды. Өз кезегінде студенттер тарапынан қойылған жазғы оқуға қалған студенттердің жағдайы, оқу ақысына төлем жасау, ауызша емтихан тапсыру мәселелері, онлайн-тест тапсыру кезінде туындайтын қиындықтар т.б. сұрақтарға жауап берілді.

 

   




Кері оралу