қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2020

«Академиялық жазылым: жоба қорғау (дипломдық жұмыс)» онлайн вебинары 


2020 жылдың 19 қазанында  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде https://meet.google.com/twr-swyy-uqe  мекен-жайында «Академиялық жазылым: жобаны қорғау (Дипломдық жұмыс)» онлайн-вебинары өтті.


Іс-шараның ұйымдастырушысы - Филология және көптілді білім беру институты, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.  Вебинарга 4 курс 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы  студенттері қатысты. 


Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ Түлектер Қауымдастығының атқарушы директоры Нұрбатыров Болатбек «Университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату» тақырыбында және  білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі, (Ноттингем университеті, Ұлыбритания), ҚазҰПУ-дің түлегі Еділбай Оспан «Академиялық жазылым: жоба қорғау» (дипломдық жұмыс)  тақырыптарда өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында Еділбай Оспан Дипломдық жұмысты жазу туралы толықтай ақпараттар берді.  Онлайн - вебинарда студенттер мен оқытушылар өз сұрақтарына  тұшымды жауаптар алды.

 

   

 

 

   

 

 

Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы




Кері оралу