қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2020

«Қазақ мәдениетінің әлемдік бейнесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

2020 жылдың 25 қарашасында Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытындағы іс-шаралар аясында «Қазақ мәдениетінің әлемдік бейнесі» тақырыбында 1,2 курс студенттері мен кафедра оқытушыларының қатысуымен ZOOM платформасында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Дөңгелек үстелдің модераторы «6В0170-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 3-тобының эдвайзері, профессор Балтабаева Жаңалық болды. Аталған шарада Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының магистр-оқытушысы Карибаев Олжас білім алушыларға қазіргі жаһандану кезеңіндегі қазақ мәдениетінің әлемдік кеңістіктегі орны жайында баяндама жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстел тақырыбын студенттер қызыға талқылап, өз пікірлерін білдірді.

 

Дөңгелек үстелге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Касенов Ерлан,кафедрадағы тәрбие жұмысына жауапты, доцент Молдасанов Ерсайын қатысып, сөз сөйледі.

 

Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға кафедра оқытушылары Ибраева Айзат, Нүптекеева Гүлназ, Әшіров Жәнібек атсалысты.

 

   

p> 

 

   




Кері оралу