қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2021

«Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби кеші

 

2021 жылдың 9 ақпанында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты «6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс 3-тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Поэзия, менімен егіз бе едің...» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кеште топ эдвайзері, профессор Жаңалық Балтабаева, доцент Алпысбай Тамаев, доцент Ерсайын Молдасанов, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов қатысып, қазақтың лирик ақыны, ұлттық мінездің ең жақсы қырларын, ұлттық ұғымдағы ұлағат-өнегенің қасиеттісін, қадірлісін тауып, талғап жырлаған мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы жайында ойларын ортаға салды.

 

Топ студенттері ақынның «Поэзия, менімен егіз бе едің», «Мен таулықпын» «Дос боламын десең», «Бәрін де қойшы» және т.б. өлеңдері оқылып, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Студенттердің ақынға арналған өлеңдері де оқылды.

 

   




Кері оралу