қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2021

«Жылқы - қазақтың рухы»

 

2021 жылы 3 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Жылқы- қазақтың рухы» студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға арналған онлайн-кездесу өтті. Спикер - профессор Ахмет Тоқтабай («Жылқы -қазақтың рухы»), PhD Osman Kabadayi Kırşehir Ahi Evran Üniversitesi («Қазақ тіліндегі ат әбзелдеріне қатысты атаулардың тарихы салыстырмалы зерттеу»), кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова («Ер-қанаты ат»), доцент Ерсайын Молдасанов («Қазақ-жылқы мінезді, рухы биік, ер халық») баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды. Профессор-оқытушылар құрамы және студенттер адамзат тарихындағы жылқының ролі, тарихы, этномәдениеттік тағлымы мол ақпараттар алып, сұрақтар беріп, сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.


Кездесуде ұйымдастырушылар - аға оқытушылар Қарлығаш Сейталиева, Серікбол Сыздықов, Тайжан Ұлан, Ерсайын Молдасанов. Іс-шараға қатысушылар студенттердің танымдық, ғылыми әлеуетін дамытуға арналған кеш өткізгені үшін алғыстарын білдірді. Онлайн-кездесу соңында жылқының әсіресе қазақ топырағындағы археологиялық қазба жәдігерлерге байланысты ұсыныстар айтылып, заманауи этномәдениеттік тұрғыда зерттеу туралы шешім қабылданды.

 

   

 

   




Кері оралу