қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2021

Т.С.Тебегенов «Таңжарық зертеу» қоғамдық қорының төсбелгісімен марапатталды

 

Қазақстан Республикасындағы және алыс, жақын шетелдердегі қазақ әдебиеті ақын-жазушыларының шығармаларын оқыту, ғылыми-зерттеу бойынша жазып жариялаған еңбектері (монографиялар, оқу құралдары, мақалалар) мен Моңғолиядағы, Қытайдағы, Өзбекстандағы қазақ әдебиеті мұралары бойынша шәкірттердің (студенттердің, магистранттардың, докторанттардың) зерттеулеріне (дипломдық жұмыстар, диссертациялар) ғылыми жетекшілік, кеңесшілік қызметі үшін филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Темірхан Сақаұлы Тебегенов Халықаралық «Таңжарық зерттеу» қоғамдық қорының Таңжарық атындағы тұңғыш әдеби сыйлығының лауреаты төсбелгісімен марапатталды. Көрнекті ғалым-ұстазды Халықаралық мәртебелі марапатталуымен құттықтаймыз!

 

   

 




Кері оралу