қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2021

«Ұлт ұстазының ұлы жолы» сайысы


2021 жылдың 03 желтоқсанында Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «Эрудит» және «Сөзтаным» клубтарының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қазақ білімі мен ғылымының негізін қалыптастырған ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазының ұлы жолы» атты институттың 2-3 курс студенттері арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Интеллектуалды сайыстың шымылдығын ашу үшін құттықтау сөз алған Филология және көптілді білім беру институтының директоры Таңжарықова Алуа студенттерге сайыста сәттілік тілей отырып, қазақ халқы үшін А.Байтұрсынұлының тұлғалық бейнесі қандай маңызды екенін ерекше атап өтті. Өз кезегінде сөз алған Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушіс Ильясова Нағима ұлт ұстазы атанған А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп-зерделеу жас буынның міндеті екенін айта келе, өткізіліп отырған интеллектуалды сайыстың мақсат-міндетімен таныстырып өтті.

 

«Таныстыру», «Қызық дерек», «Логикалық байланыс», «Капитандар сайысы», «Ұяшықтар сөйлейді»  атты бес кезеңнен тұратын сайыста төрт топ бағын сынады. Профессор Ильясова Нағима төрағалық еткен, құрамында институт директорының ғылым ісі жөніндегі орынбасары, магистр-аға оқытушы Найманбаев Алмас, доцент Молдасанов Ерсайын, қауымдастырылған профессор Сатемирова Дариға мен  доцент Раева Гүлзат бар әділқазылар алқасы бір жарым сағатқа созылған сайысты әділ бағалап, қатысқан үміткерлерді қанаттандыра білді. Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Филология» мамандығының Нұрсапа Айым, Құмарбекова Гүлайхан, Мақсат Талшын сынды 3-курс, 302-топ студенттерінен тұратын «Маса» тобы иеленсе, І-орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының Оқасова Маржан, Ғинаятова Гүлжан, Қосымбаева Ақерке сынды 3-курс, 304-топ студенттерінен тұратын «Асыл тас» тобы, ІІ-орынды «Филология» мамандығының Берікбай Қаламқас, Бердалы Еркебұлан, Мажит Нұртуған сынды 2-курс, 202-топ студенттерінен тұратын «Шамшырақ» тобы, ал ІІІ-орынды «Филология» мамандығының 2-курс студенттері Ергеш Сымбат, Оралханова Жанель, Досмурзаева Ақеркеден тұратын «Ахмет ізімен» тобы иеленді.

 

Сайыс соңында институт студенттері үшін осындай ғылыми-танымдық, зияткерлік сайыс ұйымдастырған Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, «Эрудит» клубының жетекшісі Н.Ә.Ильясова, «Эрудит» клубы Кеңесінің мүшелері, кафедраның магистр-аға оқытушылары С.Қ.Сыздыков, А.Н.Юсуп, Ш.Д.Құттыбаев, Ж.С.Аширов, Д.Г.Орынбаева, «Сөзтаным» клубының жетекшісі аға оқытушы Р.Қ.Бақбергенова, «Эрудит» клубының мүшелері, 2-курс студенттері Ә.Қадыр, Ж.Намаз, Қ.Есенова, М.Шамшетов, А.Адильбекова университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу