қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды

 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ әдебиеті алыптарының ізбасары, жазушы-драматург, Қазақ білімінің қара шаңырағы -- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білімберу институты Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Асылбекұлына ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.


Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымының атынан Серік Асылбекұлын осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің жұмыстарыңыз тәуелсіз еліміздің туын абыроймен көтеретін жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде жемісті болсын. Сізге ұзақ өмір, денсаулық және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.

 

   




Кері оралу