қазақша · русский · english
 
 
 
23.02.2022

Халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу онлайн семинары

 

2022 жылдың 18 ақпанында Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылары Қазан федералдық университеті Филология және мәдениетаралық коммуникация институтында «Тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру: озық тәжірибемен алмасу алаңы» тақырыбында өткен VI Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинарға қатысты. Семинар ұйымдастырушылары Қазан федералды университеті Филология және мәдениетаралық коммуникация институты және Ғабдолла Тоқай атындағы ұлттық мәдениет және білім беру жоғары мектебі мен Каюм Насыр институты (Татарстан, Ресей).

 

Семинарды Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Радиф Замалетдинов салтанатты түрде ашып, университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

 

Семинарға Эге университетінің профессоры Мустафа Онер (Түркия), Фрайбург университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Эльмира Ахметова (Германия), Азербайжан мемлекеттік педагогикалық университінің профессоры Махира Гусейнова, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен профессоры., филология ғылымдарының докторы Балтабай Әбдіғазиұлы, аға оқытушылар Роза Бақбергенова, Айжан Юсуп (Қазақстан) қатысты. Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры Мухаббат Курбанова (Өзбекстан), Горно-Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Сурна Сарбашева, М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Илшат Насипов, И.Н.Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университетінің профессоры Алена Ивановалар мазмұнды баяндама жасады (Ресей).

 

Семинарда қазіргі кезеңдегі түркітану, тіл білімі және лингводидактиканың актуалды мәселелері талқыланды. Радиф Замалетдинов ЖОО-ның арасындағы ғылыми-әдістемелік байланыстың дамып отырғандығын көрсететіндігіне тоқталып, шетелдік профессор-оқытушыларға алғыс білдірді. Халықаралық байланыс жұмыстарының ұйымдастырушысы профессор, филология ғылымдарының докторы Альфия Юсупова Абай атындағы ҚазҰПУ филология және көптілді білім беру институтымен келісім шарт негізінде тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру екіжақты тиімді екендігіне тоқталды. Семинар модераторы, Қазан федералдық университеті жалпы тіл білімі және түркітану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Эльвира Денмухаметова татар бастауыш мектептеріндегі ана тілін интеграциялық мазмұнда оқыту мәселелері жайында баяндама жасады.

 

Халықаралық онлайн семинарға қатысушылар (21 ақпан) Халықаралық тіл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқтала отырып, алдағы уақытта ынтымақтастық қарым-қатынаста бірлікте жұмыс атқару жайында ой бөлісті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу