қазақша · русский · english
 
 
 
07.09.2022

«Ахмет-ұлт ұстазы» әдеби іс-шарасы


2022 жылдың 5 қыркүйек күні Филология институты Ахмет Байтұрсынұлы орталығында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс 2-топ студенттерінің ұйымдастыруымен ( эдвайзер Сейталиева Қ.) А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет-ұлт ұстазы» тақырыбында әдеби іс-шара өткізілді.

 

Іс-шараға филология институтының директоры Алуа Таңжарықова, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Е.С.Қасенов, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Н.Ә.Ильясова және 1-курс студенттері қатысты. Студенттер ұлт ұстазының өлеңдерін мәнерлеп оқып және ұлт жанашырына арнаған өз туындыларын паш етті. Киелі шаңырақтың табалдырығын енді ғана аттаған 1-курс студенттері ұлт ұстазы туралы тың мәліметтермен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу