қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2023

«Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының мерекелік кеші


2023 жылғы 27 сәуірде Абай университетінің Филология институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының ұйымдастыруымен «Танытқан сөздің төркінін» мерекелік кеші өткізілді.


«Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының ғылым мен білім, өнер, тұлғатану бағыттарында атқарылған жұмыстарының нәтижесінде халықаралық, республикалық деңгейде алған сертификаттары, алғыс хаттары мен дипломдары салтанатты түрде студенттерге табысталды. Клубтың Түркия, Татарстан, Өзбекстан, Қарақалпақстанда атқарған жұмыстары ерекше. М.О.Әуезовтің 125 жылдығына орай М.М. Әуезбен өткізілген кеште ҚР Татарстандағы Бас консулдығының алғыс хатымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Елдос Серік, Алишер Маратұлы, Мадина Орынбасарова, Ақкүміс Сәбитова, Оразгүл Ниетбаевалар марапатталған болатын.


Іс-шара барысында кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова, институт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев, профессор-оқытушылар Балқия Қасым, Айман Қобыланова, Ерсайын Молдасанов, Гүлназ Нүптекеева, «Сөзтаным» клубының жетекшісі Роза Бақбергеновалар клубтың экс-мүшелері Гаухар Ортай, Айбын Ахмадиев пен Мағжан Жұмағұлов клуб мүшелеріне алғыс хаттар тапсырып, жылы лебіздерін білдірді.

 

Клубтың өнерпаз, ақын студенттері ән шырқап, көркемсөз оқыды. Алматы қаласындағы №12 Ш.Уалиханов атындағы гимназияның «Сырлы саз» домбырашылар ансамблі мен «Аяла» би тобының өнері мерекелік кешті сән мен салтанатқа бөледі. Гимназия директоры, университетіміздің түлегі Жанат Бекжановаға, өнерпаздардың жетекшілері Айдар Абылқасымов пен Сандуғаш Сабироваға құрметпен алғыс білдіреміз.

 

Шараның қорытынды бөлімінде Роза Бақбергенова клуб координаторлары мен студенттерге құнды сыйлық - кітап табыстады. Танымдық кеште ақын Айбын Ахмадиевтің сөзіне жазылған клубтың әнұраны шырқалды.

 

Кеш модераторлары - Роза Бақбергенова, Назерке Айдар, Нұрай Абушахман, Әділет Сүйіншәлиев.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу