Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
12.02.2025
Мектеп мұғалімдеріне арналған семинар өтті
2025 жылдың 10 ақпан күні педагогика ғылымдарының докторы Рахметова Райгүл Сәдуақасқызы, Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рауандина Айтжамал Қалкенқызы Алматы қаласы №81 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне семинар өткізді.
Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының филалы болып табылатын №81 қазақ орта мектебімен жоспарлы түрде түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылып келеді. Кезекті әдістемелік семинарда «Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар» (Р.С.Рахметова), «Функционалды сауаттылықты қалыптастыру мәселелері» (А.Қ.Рауандина) тақырыпта баяндама жасалды. Спикерлер қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Қазақ тіл білімі саласындағы тың ақпараттарды сабақ үрдісінде қолданудың жолдарын ұсынды.
Әдістемелік семинарға кафедра ұжымы, атап айтқанда, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Қосымова, кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д. Н.Ә.Ильясова, ф.г.к. Г.Раева, ф.ғ.к. Ж.Қоқанова және студент-практиканттар қатысты. Әдістемелік семинарға қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|