Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
25.02.2025
Мәтінді жүйелі талдай білуге дағдыландыру жолдары 2025 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияда жұмыс тобының жетекшісі, п.ғ.д., профессор Ж.Қ.Балтабаеваның ұйымдастыруымен Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы филиалының кезекті семинары болды.
Семинарда жұмыс тобының мүшесі, ф.ғ.к., доцент Г.М.Раева «Мәтін талдаудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, мәтін талдау арқылы білім алушыларда қалыптастырылатын дағдылардың түрлерін нақты мысалдар арқылы баяндады.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент Н.Ә.Ильясова оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдірудегі мәтіннің рөлі жайында ойын ортаға салды.
Сондай-ақ семинарда педагог-шебер Бейсекина Азигуль Нугмановна 8-сыныпта мәтін талдауға қатысты өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушы мұғалімдер талқыланған тақырыптың пайдалы болғандығын, айтылған әдістерді сабақ үдерісінде пайдаланатындықтарын атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|