қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2025

«Эссе түрлері және эссе жазу әдістемесі» дәріс-семинары


Алматы қаласы, Бостандық ауданы, № 81 Мектеп-гимназиясында «Эссе түрлері және эссе жазу әдістемесі» тақырыбында дәріс-семинар өтті.

 

Семинардың мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістеме кафедрасының филиал мектебі саналатын №81 Мектеп-гимназиясының оқушыларын эссе жазудың қыр-сырымен таныстыру және эссе жазу бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында конкурс ұйымдастыру болды.

 

Эссе түрлері мен құрылымы туралы дәріс оқуға Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, PhD доктор Еділбай Оспанов шақырылды. Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен студент-практиканттар және ұйымдастырушы-профессор Гүлбану Қосымова қатысты.

 

  alt=  




Кері оралу