қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2025

«Тіл-таным» клубының мүшелері Абай өлеңдеріне арналған челлендж ұйымдастырды


Қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Абай атындағы ҚазҰПУ «Тіл-таным» клубының мүшелері ақын өлеңдерін жатқа оқудан челлендж ұйымдастырды. 


Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, «Тіл-таным» клубының жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Меруерт Алибаеваның бастамасымен ұйымдастырылған челленджге өзге тілді аудиториядан жиналған студенттер ерекше ықыласпен атсалысты. Олар Абайдың тағылымды жырларын нақышына келтіре оқып, даналық сөздеріндегі терең ойды сезінуге тырысты.


Шара ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға, қазақ әдебиеті мен тілін тереңірек танып-білуге бағытталған. Челлендж болашақта өз жалғасын тауып, қатысушылардың қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра бермек.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу