Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
18.03.2025
Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде өткен танымдық шара 2025 жылдың 17 наурызында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде «Тіл-таным» клубының танымдық сабағы өтті. Іс-шараны клуб жетекшілері М.С. Алибаева мен С. Нұрғали ұйымдастырып, оған өзге тілді аудитория студенттері қатысты.
Сабақ барысында студенттер Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алып, ұлт ұстазының еңбектерін тереңірек танып білді. Викториналық сұрақтар арқылы олардың білім деңгейі тексеріліп, ақпаратты қаншалықты меңгергендері бағаланды. Сондай-ақ, студенттер Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа айтып, оның ағартушылық қызметіне байланысты өз пікірлерін ортаға салды.
Семинар барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін дамытудағы рөлі, оның ұлттық руханиятқа қосқан үлесі, сондай-ақ қазіргі қазақ тілінің жағдайы мен болашағы туралы пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісіп, қазақ тілі мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын көрсетті.
Сабақтың маңызды бөлігі - Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректі фильмді тамашалау болды. Фильмнен кейін студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Клуб мүшелері фильм арқылы ұлт ұстазының өмірі мен күресі туралы жаңа мағлұматтар алып, оның қазақ қоғамы үшін атқарған еңбегін тереңірек ұғынды.
Сабақтың негізгі мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау, студенттердің тарихи санасын қалыптастыру, қазақ тілі мен мәдениетіне деген құрметін арттыру болды. Іс-шараның соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұйымдастырушылармен пікір алмасты.
Бұл танымдық сабақ өзге тілді аудиторияның қазақ мәдениеті мен тіліне деген қызығушылығын арттыруға, олардың көзқарасын кеңейтуге және тарихи мұраны терең түсінуге ықпал етті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|