Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
31.03.2025
Ұлы даналардың өсиеті – өткен мен болашақтың көпірі 2025 жылдың 28 наурызында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Роза Бақбергенованың жетекшілігімен Сорбонна институтының Түрікменстан Республикасынан келген 1-курс студенттеріне танымдық дәріс өткізілді.
Қонақтарды музей-үй меңгерушісі Жамилә Айдос қарсы алып, тағылым мектебінің тарихы мен маңызы туралы ақпараттармен бөлісті. «Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері» тақырыбындағы дәрістің негізгі мақсаты - ұлт ұстазының ғибратты сөздерінің мағынасын ашып, талдау. Бірыңғай ұлттық киіммен келген студенттер А. Байтұрсынұлының нақыл сөздерін жатқа айтып, Роза Бақбергеновамен бірге талдап, талқылады.
Атап айтар болсақ, «Жаһандану жағдайындағы халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Нилуфар Улгубекова, Мекан Оразов, есеп және аудит мамандығының Хосият Алламова, Оғулнур Амангелдиева, Дадемрат Какаеев, Отуз Отузов, Хания Сапарова, Турдысолтан Нурпесесова, Айшат Сылпапбердиева дәріске белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Студенттер дәріс соңында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Республикасының әнұрандарын айтты. Музей-үй жетекшісі Райхан Имаханбет Роза Бақбергенова мен студенттерге алғыс айтып, мұндай кездесулердің халықаралық қарым-қатынас орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Дәрістен кейін студенттер А. Байтұрсынұлы саябағындағы ескерткішке барып, тағзым етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|