қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2025

«Қарттарым – асыл қазынам» іс-шарасының есебі


2025 жылдың 3 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің 1 курс орыс бөлімінің студенттерінен құралған «Тіл-таным» клубының мүшелері клуб жетекшілері Меруерт Алибаева мен Сәуле Нұрғалидың ұйымдастыруымен «Демеу» қарттар үйіне барып «Қарттарым - асыл қазынам» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты - үлкендерді құрметтеу, ұлттық тәрбиені насихаттау, мейірімділік пен қамқорлыққа баулу. Студенттер өздері дайындаған дастарханға түрлі тағамдар мен жемістер әкеліп, қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысты. Сондай-ақ қарияларға арналған арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Бағдарлама барысында студенттер ән айтып, өлең оқып, көңілді ойындар ұйымдастырып, концерттік бағдарлама өткізді. Қариялар бұл кездесуге ерекше қуанып, ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді. Іс-шара барысында мейірімділік пен ізгілікке толы әсерлі сәттер орын алды.

 

Бұл кездесу жастар мен қарттардың арасындағы рухани байланысты нығайтып, үлкендерге деген құрмет пен қамқорлықтың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу