қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2025

Абай университетінің студенттері «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері атанды


2025 жылдың 3 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Конференция аясында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар ғылыми зерттеулері бойынша баяндамаларын ұсынды. Аталған конференцияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері атанды.

 

Атап айтсақ:

І орынды «Тілдік және мәдениаралық байланыс: теориясы мен практикасы» секциясы, «Қазақ тілін оқытуда мәдениетаралық коммуникацияны қолдану жолдары» тақырыбындағы баяндамасымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Саяжан Мәуліт иеленді.

ІІ орынды «Заманауи транслингвистиканың өзекті мәселелері» секциясы, «Өзге тілді аудиторияға білім беруде транслингвистикалық әдістерді пайдалану» тақырыбындағы баяндамасымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Мирамгүл Есенгельдинова алды.

 

ІІІ орынды «Заманауи транслингвистиканың өзекті мәселелері» секциясы, «Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы баяндамасымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Мерей Абдилда иеленді.

 

Айта кетейік, жүлдегерлер аталған конференцияға қазақ тілінің теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Қарлығаш Сейталиеваның ғылыми жетекшілігімен қатысты.

 

Абай университетінің студенттері халықаралық ғылыми алаңда заманауи тіл білімі, тіл оқыту әдістемесі мен цифрлық технологияларды сабақтастыру мәселелерін кәсіби деңгейде талдап, өз ғылыми әлеуеттерін көрсетті. Бұл жетістік - білім беру сапасы мен ғылыми жетекшілік мәдениетінің нәтижесі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу