Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
10.04.2025
«Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беру стратегиялары» тақырыбында ғылыми семинар 2025 жылдың 8 сәуірінде Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасында «Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беру стратегиялары» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Спикерлер PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Молдағали Бақытгүл мен PhD, қауымдастырылған профессор м.а., постдокторант Иманқұлова Меруерт Амантайқызы ПОҚ құрамына, магистрант, докторант және жас ғалымдарға ғылыми жоба әзірлеуді түсіндірді.
Стартап және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті жариялайтын конкурстарға қатысудың стратегияларымен, атап айтқанда, ғылыми жобаны ұсынудың нақты қадамдарымен, түсіндірме жазбаны толтырудағы негізгі мәселелері және жобаны қаржыландыру есеп-қисабымен бөлісті. Спикерлер оқытушылар мен жас ғалымдардың талқылау сұрақтарына жауап беріп, жас ізденушілерді ғылыми жобаларға қатысуға шақырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|