қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2025

Білім мен тәрбиенің жаршысы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4 курс студенттері «С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп, өздерін жан-жақты көрсетіп, мектеп ұжымының, оқушылардың алғысына бөленді. Іс-тәжірибе барысында олар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, жаңашыл идеяларын, шығармашылық қабілеттерін және педагогикалық шеберліктерін көрсете білуде.


Лицей оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде белсенділік танытқан студенттер «Үздік практикант» атты алғыс хатпен марапатталды. Бұл - олардың еткен еңбегіне берілген әділ баға және болашақ маман ретінде кәсіби қалыптасуларына үлкен серпін берген оқиға болды.


Практика жетекшісі Балабекова Қ.Ш. студенттердің әр сабағын бақылап, бағыт-бағдар беріп, әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіп отырады. Ұстаздардың үлгісі мен ақыл-кеңесі болашақ педагогтердің кәсіби дамуына зор ықпал етуде. Сондай-ақ, педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге тәжірибе алаңын ұсынған «С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей» ұжымына зор алғысымызды білдіреміз. Лицейдің жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі, ұстаздарының тәжірибесі мен талапшылдығы студенттерге үлкен мектеп болды.


Марапатталған студенттер бұл алғыс хатты тек құрмет деп емес, сонымен қатар болашақта білім саласына адал қызмет етуге деген жауапкершілік ретінде қабылдады. Алдағы уақытта олар осы тәжірибеден алған білімдері мен дағдыларын шәкірт тәрбиелеуге, ұлт болашағына қызмет етуге жұмсайтындарына сенімдіміз

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу