қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2018

Мұқағали Мақатаевтің поэзия кеші

 

2018 жылдың 12-19 ақпан аралығында С.Арноұлы атындағы №143 мектеп-лицейінде Филология және көптілді білім беру институтының 4-курс практиканттары ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай апталық шара ұйымдастырды. Практиканттардың оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмысына жауапты координатор А.С.Қали апталықты мектеп ұжымымен бірлесе жоспарлап, әдеби сайыс түрінде: апталықты 7-9 сыныптардың қатысуымен «Жазылар естеліктер мен туралы» эссе байқауы; 6-9 сыныптар аралығында «Болмысым өлеңменен ашылады» жас ақындар сайысы; 5-8 сыныптар арасында «Қара өлең» мәнерлеп оқу сайысы; 8-10 сыныптар арасында «Жырлайды жүрек» драмалық сайыс қойылымдарын өткізіп, апталықты «Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбында әдеби-танымдық кешпен аяқтады. Кешті «Қазақ тілі теориясы және әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д. профессор Жанат Дәулетбекова мен мектеп директоры Гүлсара Байеділова құттықтау сөзімен ашып, әр номинация бойынша озық шыққан оқушыларды марапаттап, апталықтың жоғары деңгейде өткізген практиканттарға жылы лебізі мен алғысын жеткізді. Институттан бөлінген әдіскер ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерімен бөлісіп, мектеп ұжымы мен практиканттарға өз ықыласын білдірді. Әдеби-танымдық кеш ақын шығармашылығы жайлы қойылыммен аяқталып, ескелік суреттерге түсуге ұласты.

 

       

 

       

 

       

 

       

 




Кері оралу