Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
10.04.2025
«Ғылыми зерттеулерде SPSS бағдарламасын қолдану: деректерді өңдеу және нәтижелерді интерпретациялау әдістері» ғылыми-әдістемелік семинары
2025 жылдың 9 сәуірінде қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасында «Ғылыми зерттеулерде SPSS бағдарламасын қолдану: деректерді өңдеу және нәтижелерді интерпретациялау әдістері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар спикері - лингвистика мамандығы бойынша 2-курс докторанты Рысқұлова Айнагүл Дүйсенбекқызы. Ол өз баяндамасында SPSS бағдарламалық жасақтамасының ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы, әсіресе тіл біліміндегі қолданбалы маңызын кеңінен ашып көрсетті. Қатысушыларға деректерді кодтау, статистикалық алдын ала өңдеу, кестелер мен диаграммалар арқылы визуализация жасау, сондай-ақ корреляциялық, факторлық және кластерлік талдау жүргізудің әдіс-тәсілдері жан-жақты түсіндірілді.
Семинарға профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен жас зерттеушілер қатысты. Іс-шара ғылыми пікір алмасуға, практикалық сұрақтар қоюға және SPSS негізінде алынған нәтижелерді ғылыми жұмыстарға енгізу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|