Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
10.04.2025
«Қазіргі тіл білімінің зерттелу бағыттары» тақырыбындағы ғылыми семинар 2025 жылдың 09 сәуірінде ғылым онкүндігі аясында Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы қазақ тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан тіл білімінің маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Байынқол Қалиұлы Қалиевты қонақ дәрісіне шақырды. Ғалым 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттеріне және кафедраның профессор-оқытушылар құрамына 10 томдық түсіндірме сөздіктің бас редакторы қызметін атқарып, сөздік жасау қажырлы еңбекті қажет ететін еңбек екенін және ұлттық тілдің маңызын ашатын жұмыс екенін түсіндірді. Ғалым жеке авторлығымен жарық көрген 500-ден аса зерттеу еңбегі қазақ тілін зерттеуге арналғанын, олардың мәні мен мазмұнын баяндады.
Қонақ дәрісінде ғалымға профессор-оқытушылар, студенттер көптеген сұрақтар қойды. Оның ішінде емдік қасиеті бар өсімдік атауларына қатысты, «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне енбей қалған сөздерді жинаудың маңызына, "Мұқағали тілінің сөздігіне қатысты сұрақтардың жауабы тыңдаушыларға ерекше әсер етті. Сонымен бірге, болашақта қазақ тіл білімі қандай бағыттарда зерттелуі керек деген сауал қойылып, пікірталас болды. Ғалымның сұрақтар мен сауалдарға берген жауаптарынан тыңдаушылар тың ақпараттар мен ақыл-кеңес алды.
Кафедра меңгерушісі Н.А.Ильясова білім алушыларға Байынқол Қалиұлы Қалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырды.
Қонақ дәріске ғалымның шәкірті ф.ғ.д., профессор ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Шерубай Құрманбайұлы қатысып, студенттерге еңбек етудің нәтижесі, өмірлік ұстанымдар туралы тағылымы мол, тәрбиелі мәні зор сөз сөйледі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|